АҚШ Президенті Дональд Трамп Ресей мен Иранға қарсы «тозақ санкциялары» деп аталған ауқымды шектеу шараларының жаңа пакетіне қол қойды, деп хабарлайды Alash.kz.
«Линдси Грэмнің Ресей мен Иранға қарсы 2026 жылғы санкциялар туралы заңы» деп аталған бұл құжат Мәскеу мен оның негізгі сауда серіктестеріне бұрын-соңды болмаған экономикалық кедергілер енгізеді. Жаңа заң аясында ресейлік басшылыққа, ірі бизнеске, банк, энергетика және қорғаныс секторларына қарсы қара тізімдер айтарлықтай кеңейтіліп, «көлеңкелі флот» танкерлерін бұғаттау қарастырылған. Құжаттағы ең радикалды жаңалықтардың бірі – АҚШ басшысына Ресейден тікелей импортталатын тауарларға 500 пайызға дейін баж салығын енгізу, сондай-ақ ресейлік мұнай мен газды ірі көлемде сатып алатын елдерге, соның ішінде Қытай мен Үндістан тауарларына 100 пайызға дейін қосымша тарифтер белгілеу құқығының берілуі болды.
Бұдан бөлек, қабылданған құжат Иранға қарсы қолданыста бар шектеу шараларын тағы бес жылға ұзартады. Сонымен бірге заң Ақ үй басшысына толық әрекет еркіндігін қалдырады, яғни ол өз қалауы бойынша аталған санкциялық шаралардың кез келгенін кейінге қалдыруға, жеңілдетуге немесе мүлдем жоюға құқылы.