Қарағанды облысында 193 шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті, деп хабарлайды Alash.kz.
19 қыркүйек күні таңғы сағат 09:00 шамасында «Астана» автожолының 188-ші шақырымында, Теміртау қаласының өткелі ауданында «Scania» маркалы ауыр жүк көлігі аударылып кеткен. Көкшетау – Ташкент бағыты бойынша бара жатқан көлікте жүзден аса тірі мал болған. Осы жайтқа байланысты құзырлы орган өкілдері ресми жауап берді.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, 39 жастағы жүргізуші Scania көлігімен келе жатып, көлік құралын аударып жіберген. Жүк көлігі Көкшетау – Ташкент бағыты бойынша 193 бас шошқа тасымалдаған», — деп хабарлады полиция өкілдері.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ, алайда аударылған көліктен босап шыққан жануарлар далаға босып кеткен.