Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаралы хабар: Елімізге белгілі спорт журналисі өмірден озды (ФОТО)

17:19, 19 қыркүйек 2026

Елімізге танымал спорт журналисі әрі комментатор Ғалым Сүлеймен 51 жасына қараған шағында кенеттен дүниеден өтті, деп хабарлайды Alash.kz.

Жүрек талмасы жиілеген тілші Алматы қаласындағы ауруханалардың бірінің жансақтау бөліміне шұғыл түрде жеткізілгенімен, дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан аман қалмады.

Ғалым Қамашұлы Сүлеймен 1975 жылы 28 сәуірде қазіргі Жетісу облысының Сарқан ауданында туған. Ол Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіріп, еңбек жолын 1996–2004 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінде спорт шолушысы ретінде бастаған еді. 2004 жылдан бастап «Спорт KZ» газетінің бас редакторы қызметін абыроймен атқарды, ал кейінгі жылдары «Айқын» және қайтадан «Егемен Қазақстан» басылымдарында жемісті еңбек етті.

Отандық спорт саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін ол Қазақстан Президентінің стипендиясына ие болып, Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты атанған болатын. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар