Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко 2026 жылғы Азиадада жекелей уақытқа жарыста топ жарып, Азия ойындарындағы бесінші алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Alash.kz.
ҰОҚ мәліметінше, Луценко алғашқы чемпиондық атағына сонау 2014 жылы Инчхондағы Азия ойындарында қол жеткізген. Содан бері ол Азия ойындарында тасжол жарыстарында үздік үштіктен түскен емес.
Алтын медаль - Инчхон-2014 — жекелей жарыс
Алтын медаль - Джакарта-2018 — топтық жарыс
Алтын медаль - Джакарта-2018 — жекелей жарыс
Күміс медаль - Ханчжоу-2022 — топтық жарыс
Алтын медаль - Ханчжоу-2022 — жекелей жарыс
Алтын медаль - Аичи-Нагоя-2026 — жекелей жарыс
23 қыркүйекте Луценко топтық жарыста тағы да Азия ойындарының медалі үшін бақ сынайды.