Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бұрынғы шенеунк Қуандық Бишімбаевтың сотына ресейлік журналист, тележүргізуші Ксения Собчактың келуіне байланысты пікір білдірді.
Журналистер ведомство басшысынан Ресей журналисінде Мәдениет және ақпарат министрлігінің келісімі болды ма деп сұрады.
"Әрине, жоқ. Өзім де бұқаралық ақпарат құралдарынан көрдім. Сот процесін көрмеймін. Бұл туралы сіздердің материалыңыздан оқимын" - деді министр Мәжіліс кулуарында.