Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға оқ атылып, көпшілік алдында жарақаттанды

19:58, 15 мамыр 2024 606

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға белгісіз біреу оқ атып, жарақатты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Словакия министрлер кабинетінің отырысынан кейін премьер-министр көпшілік алдына шыққан кезде оған оқ атылды. Фицоны үкіметтің көшпелі отырысынан кейін өлтірмек болған. Премьер-министр ауруханаға жатқызылды. Шабуыл жасаған адам ұсталды.

Куәгерлердің айтуынша, олар кем дегенде үш оқ дауысын естіген. Атыстан кейін күзетшілер Фитзоны жерден көтеріп, көлікке салып алып кеткен.

Премьер-Министрді тікұшақпен Братиславадағы ауруханаға апаратыны хабарланды.

Премьер-министрге жасалған шабуыл – словак егемендігіне жасалған шабуыл деп мәлімдеді елдің Христиан-демократиялық қозғалысының жетекшісі Милан Майерский.

Словакия Ұлттық партиясының басшысы Андрей Данконың айтуынша, бұл әлеуметтік қақтығыстың нәтижесі ретінде сипат алып отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар