Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шымкентте жол үстіндегі жанжал жаппай төбелеске ұласты (ВИДЕО)

10:27, 12 ақпан 2026

Шымкентте жүргізушілер арасындағы келіспеушілік ашық төбелеске айналды. Оқиға сәті әлеуметтік желілерде тараған видеодан белгілі болды, деп жазады Alash.KZ.

Кадрларда бірнеше ер адам жолдың қақ ортасында бір-бірімен төбелесіп жатқанын көруге болады.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жанжалға қатысқан барлық тұлға жедел түрде анықталып, ұсталған.

Аталған дерек бойынша қоғамдық тәртіпті бұзу фактісімен «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар