Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шымкентте белсенді жастарға арналған жаңа алаң пайда болды

09:30, 27 қаңтар 2026

2026 жылғы 23 қаңтарда Шымкент қаласында «Дала Қырандары» жастар қоғамдық бірлестігінің штабының ресми ашылуы өтті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. Ашылу салтанатына қалалық мәслихат депутаттары Бөкейхан Әбішев пен Бақытжан Позилов, сондай-ақ Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілдері қатысты. «Дала Қырандары» штабы — жүйелі жұмыс жүргізуге, қызметті үйлестіруге және жастар бастамаларындамытуға арналған көпфункционалды кеңістік.

Штабтың бірінші қабатында тренингтер, дәрістер және білім беру кездесулерін өткізуге арналған оқу аймағы, сондай-ақ жеке кофе-брейк аймағы орналасқан.

Екінші қабат қырандар үшін жаттығу кеңістігі ретінде жабдықталған. Мұнда спорт залы, душ және киім ауыстыратын бөлмелер бар, бұл қоғамдық қызметті физикалық дайындықпен қатар алып жүруге мүмкіндік береді. Үшінші қабат штабтың негізгі жұмыс және үйлестіру деңгейі болып табылады. Бұл жерде жиналыстар мен кездесулерге арналған зал, подкаст-аймақ, қозғалыс жетекшісінің, ивент-бөлімнің және SMM-менеджердің жұмыс орындары, сондай-ақ қырандар үшін демалыс аймағы орналасқан

Штабтың визуалды безендірілуіне ерекше көңіл бөлінген. Интерьер ұлттық стильде заманауи элементтермен үйлестіріліп жасалған. Қабырғаларда Бекзат Саттарханов, Қажымұқан Мұңайтпасұлы және Ақбан батыр сынды көрнекті тарихи және спорт қайраткерлерінің бейнелерібар граффитилер, сондай-ақ қыран бейнесі салынған көркем композициялар орналасқан. Бұл элементтер күш, қозғалыс және құндылықтар сабақтастығын бейнелейтін бірегей айдентико-визуалды стиль мен ерекше атмосфера қалыптастырады. «Дала Қырандары» жастар қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі Мәди Рымжанов: 

«Біз үшін патриотизм — ұран емес, күнделікті еңбек. Бұлштаб жастардың жауапкершілікке, тәртіпке және елгенақты істер арқылы қызмет етуге үйренетін кеңістігіне айналады»,- деп атап өтті.

Штабтың ашылуы тек символикалық шара ғана емес, сонымен қатар «Дала Қырандары» ұйымының Шымкент қаласындағы қызмет аясын кеңейтуге, қозғалыстың ішкі құрылымын нығайтуға және белсенді жастардың жұмысістеуіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған нақты қадам болды.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар