Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шұғыл хабар: Қарағанды облысында жарылыс болды

09:25, 13 желтоқсан 2025

Қарағанды облысындағы Шет ауданы Мойынты станциясында орналасқан кафелердің бірінде газ баллоны жарылып, өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазды Alash.kz. 

Газ баллоны жарылысының алдын ала себебі анықталды. Дәмханада газбен жабдықтау жүйелерін, оның ішінде тұрмыстық газ баллондарын қауіпсіз пайдалану талаптары бұзылған. Бір қабатты ғимаратта болған жарылыстан шамамен 200 шаршы метр аумақта жабын конструкциялары құлады. Қазір үйінділерді ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

— Нақты мәлімет бойынша оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, 11 адам жарақат алды. Олар аудандық ауруханаға жеткізілді. Құтқарушылар зақымданған құрылымдарды тексеріп, қайта өртенудің алдын алу шараларын қабылдап жатыр, — делінген ақпаратта.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар