12 шілде күні Ақтау қаласындағы газ құю станцияларының бірінде автокөлік өртеніп кетті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы "Lada.kz"-ке сілтеме жасап.
Оқиға 12 шілдеде, шамамен 19:42-де болды. 29а шағынауданындағы "Атбұлақ" жанармай құю станциясында Daewoo Nexia автокөлігі өртенді.
"Өрт салдарынан көліктің иесі - 34 жастағы ер адам шамалы күйік алды. Дәрігерлер тексергеннен кейін оны ауруханаға жатқызбай үйіне жіберді. Сағат 19:52-де өрт сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда", - деп хабарлады өңірлік ТЖД.
Өртті сөндіруге: Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің екі техника бірлігі және 14 өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері, сондай-ақ бір техника бірлігі және Апаттар медицинасы орталығының үш қызметкері жұмылдырылды.