Шығыс Қазақстан облысында 31 тамыз күні, сағат 17.30-да “Востокцветмет” ЖШС шахтасында 4 кенші қаза тапты. Алдын ала ақпарат бойынша, кеншілер белгісіз заттан уланған, деп хабарлайды Alash.KZ. ұлттық порталы.
⠀
Тағы бір адам ШҚО Глубокое ауданының аудандық ауруханасына жатқызылды, дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалады.
⠀
Қазір болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
⠀
Оқиға орнында “КӘАҚҚ РОШ” ЖШС ШҚФ (13 адам және 3 бірлік), ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмыс істеп жатыр.
⠀
Шахта KAZ Minerals-қа тиесілі. Компания қайғылы оқиғаны тергеу жөніндегі арнайы комиссия құрылғанын хабарлады.