Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Шешіндіріп, видеоға түсіріп, қорқытқан”. Такси жүргізушісі хиджаб киген әйелді аяусыз зорлаған

12:46, 07 шілде 2025 678

Такси жүргізушісі хиджаб киген әйелге жыныстық зорлық көрсеткен, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы

Белгілі болғандай, 30 маусым күні Мәскеу қаласына Дағыстаннан келген 44 жастағы әйел жергілікті полицияға арыз түсірді.

Әйелдің айтуынша, ол танысу сайты арқылы 46 жастағы такси жүргізушісімен хат алмасып, кездесуге келісім берген. Кездесу барысында ер адам көліктің ішінде агрессия танытып, хиджаб киген әйелді күштеп шешіндіріп, оны бейнежазбаға түсірген. Егер қарсылық танытса, оны жалаңаш күйінде көліктен лақтырып жіберіп, видеоны ғаламторға жариялайтынын айтып қорқытқан. Кейін аяусыз жыныстық зорлық көрсеткен.

Полиция күдіктінің жеке басын анықтады. Күдікті Ресейге жұмыс істеуге келген шетел азаматы болып шықты. Қазір тергеу амалдары мен сот-медициналық сараптамалар жүргізіліп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар