Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов бостандыққа шықты

22:44, 25 желтоқсан 2024 458

Бүгін марқұм Шерзаттың әкесі Қаржаубай Алматы облыстық полиция департаментіне қарасты Қонаев полиция басқармасынан бостандыққа шықты, деп хабарлайды Alash.kz.

«Қаржаубай босатылды. Оны біздің команданың адвокаты Асылбек Әбдірайымов алып кетті. Қазір Қаржау отбасымен уақыт өткізіп, демалғысы келеді. Жақын арада қосымша хабарлаймыз», – деді Айтбек Амангелді.

Шерзат Полаттың әкесі 10 желтоқсанда інісі Нұрғанат Ғайыпбаевтың жерлеу рәсімінен кейін қоғамдық тәртіпті бұзды, бұзақылық жасады және бөтеннің мүлкіне зақым келтірді деген айыппен ұсталып, сот шешімімен 15 тәулікке қамауға алынған.




Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар