Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шенеуніктер қандай көлік мінеді?

18:07, 07 мамыр 2026

Қазақстан өңірлері мен ірі қалалары әкімдіктерінің автопарктері соңғы екі жылда айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Кейбір әкімдіктер жеке автопарктен толықтай бас тартса, енді бірі көліктер санын көбейтіп, жаңа модельдермен жаңартқан. Tengri Auto мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда шенеуніктер мінетін қызметтік көліктер арасында Kia, Hyundai, Toyota және Lexus маркалары басым, деп жазады Alash.KZ

Астана әкімдігі бүгінде жеке автопарк ұстамайды. Қалада 2018–2023 жылдары мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында қызметтік көліктердің орнына такси қызметі пайдаланылған. Қазіргі таңда да осы жүйе сақталған. Әкімдік көліктерді сатып алмайды әрі күтіп ұстамайды — барлық қызметті жеке серіктес компания атқарады. Алдағы уақытта электромобильдерді пайдалану жоспарланып отыр.

Алматы әкімдігі де жеке автопарктен бас тартып, көлік қызметін мемлекеттік сатып алу арқылы алады. Айта кетейік, екі жыл бұрын әкімдіктің балансында 160 автокөлік болған. Оның ішінде Toyota Land Cruiser, Kia K900, Skoda Superb және Mercedes-Benz Sprinter секілді модельдер пайдаланылған.

Шымкент әкімдігінің балансында қазір 46 автокөлік бар. Оның ішінде:

  • 12 қызметтік көлік;
  • 32 кезекші автокөлік;
  • 2 қонақтарға арналған көлік.

Автопарктегі көліктердің басым бөлігі – 2024 жылы шыққан Hyundai Sonata седандары. Сонымен қатар Kia K9, Kia K8, Kia K5, Kia Sorento және Kia Sportage модельдері бар.

Екі жыл бұрын әкімдік балансында небәрі 24 көлік болған. Ол кезде Lexus LX570, Mercedes-Benz S350L, Toyota Camry және Kia Cadenza секілді ескі модельдер пайдаланылған. Қазіргі таңда автопарк түгелге жуық жаңартылып, жаңа көліктермен толыққан.

Алматы облысы әкімдігінің балансында 75 қызметтік көлік тіркелген. Бұл – елдегі ең ауқымды автопарктердің бірі.

Әкімдік мәліметінше, көліктер облыстың шалғай аудандарына жұмыс сапарларын ұйымдастыру үшін қажет. Автопаркте Tank, Chevrolet, Toyota, Skoda, Kia және Hyundai маркалары бар.

Қызылорда облысы әкімдігінің балансында 69 автокөлік бар. Олардың қатарында Mercedes-Benz, Lexus, Toyota, Hyundai, Kia және Gazelle маркалары кездеседі.

Абай облысында 56 автокөлік тіркелген. Оның ішінде Kia K9, Kia Sorento, Hyundai Staria, Chevrolet Malibu және JAC Sunray секілді модельдер бар.

Қостанай облысы әкімдігінің балансында қазір 9 автокөлік қалды. Екі жыл бұрын олардың саны 10 болған. Автопарк құрамына Lexus LX570, Chevrolet Tahoe, Toyota Land Cruiser 200 және Kia K9 кіреді.

Павлодар облысында ең шағын автопарк тіркелген. Онда бар болғаны 6 қызметтік көлік бар. Олардың қатарында Kia K9, Hyundai Palisade және Kia K8 модельдері кездеседі.

Кей облыстарда ескі көліктер әлі де пайдаланылып келеді. Мысалы:

  • Атырау облысында 2010 жылғы Mercedes-Benz S350;
  • ШҚО әкімдігінде 2011 жылғы Toyota Land Cruiser 200;
  • Жетісу облысында 2008 жылғы көліктер бар.

Әкімдіктердің басым бөлігі жаңа көліктерді тек ескі техникалар жарамсыз болған жағдайда ғана сатып алатынын айтады. Сонымен қатар соңғы жылдары отандық құрастырылымдағы Hyundai мен Kia модельдеріне басымдық беріле бастаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар