Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Украинадағы қақтығыс аяқталуға жақын»: Трамп маңызды мәлімдеме жасады

16:54, 07 қазан 2026

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей-Украина арасындағы қақтығыс жақын арада аяқталуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу жөніндегі келіссөздер жалғасып жатқанын мәлімдеді.

– Біз Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты әлі аяқтаған жоқпыз. Мен бұл мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмын. Қаласаңыздар, сеніңіздер, қаламасаңыздар, сенбеңіздер, сырттай олай көрінбеуі мүмкін. Бірақ соғыстың аяқталуы шынымен жақындап келеді, – деді Трамп Мэриленд штатында өткен іс-шарада сөйлеген сөзінде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар