Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Балқашта «Қазақмыстың» қолдауымен 2 500 ағаш отырғызылып, жаңа жасыл аймақ құрылуда

13:39, 07 қазан 2026

Балқаш қаласының орталық саябағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында аумақты көгалдандыру және жаңа жасыл аймақ құру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Alash.kz.

Бастамашысы «Қазақмыс» корпорациясы болып табылатын бұл жобаның жалпы қаржыландыру көлемі 57,5 млн теңгені құрайды. Бөлінген қаражат аумақты дайындауға, көшеттерді жеткізу мен отырғызуға, суару жүйелерін монтаждауға және өзге де қажетті шараларға бағытталған.

Экологиялық шараға «Қазақмыс» корпорациясының Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі мен Балқаш қаласының әкімі Саян Мұратұлы қатысты. Жоба аясында биіктігі 2,5 метр болатын, топырақ түйіршігімен қазып алынған ірі 2 500 ағаш, атап айтқанда 500 қарағаш пен 2 000 пирамидалы терек отырғызылады.

Барлық отырғызу жұмыстарын қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар ағаш отырғызылатын орындар әзірленіп, онда тамшылатып суару жүйесі қарастырылды әрі алғашқы суару жұмыстары атқарылды.

Жаңадан бой көтеретін жасыл аймақ орталық саябақтың ажырамас бөлігіне айналып, қалалық ортаның жайлылығын арттыруға және тұрғындардың демалысына қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Осылайша, компания өз өндірісі бар өңірлерде экологиялық және әлеуметтік бастамаларды одан әрі іске асырып, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруды жалғастыруда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар