Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Прокурор қағып кеткен»: Павлодардағы егде әйелдің қазасына қатысты немересі уәжін айтты

16:18, 07 қазан 2026

Павлодарда жұмыстан қайтып бара жатқан 60 жастағы Галина Сейтбаталованы прокуратура қызметкері көлікпен қағып кетіп, ауыр жарақат алған әйел 10 күннен кейін ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Alash.kz.

Қайғылы оқиға 13 тамызда Нұрмағамбетов пен Камзин көшелерінің қиылысында, марқұм жұмыс істейтін киім дүкеніне жақын жерде орын алған. Жолды кесіп өтіп бара жатқанда орын алған апатқа өзге өтіп бара жатқан екі куәгер де куә болған. Соқтығыс салдарынан бас сүйегі, қабырғалары мен бұғанасы сынып, ауыр жарақат алған әйелдің ажал құшқаны туралы немересі Алина:

«Өкінішке қарай, әжем 23 тамызда қайтыс болды. 3 қазанда қырқы болды, Павлодарға барып, асын бердік», — деп мәлімдеді.

Сонымен қатар, марқұмның немересі оқиға қоғамға жария болғаннан кейін тергеушінің ауыстырылып, істің жылдамырақ жүре бастағанын жеткізді. Жақындары өз құқықтарын қорғау үшін жеке қорғаушы жалдаған. Осыған қатысты Алина:

«Білуімше, бірқатар сараптама жасалды, қазір нәтижелерін күтіп отырмыз. Өзіміз жақсы адвокат жалдадық. Біздің жағдайда ешкімге дерлік сенім қалмады, сондықтан осының бәрін түсінетін адам керек деп шештік. Тергеудің қазіргі егжей-тегжейін өзім де толық білмеймін», — деп ағынан жарылды.

Павлодар прокуратурасы өз қызметкерінің қайғылы жол апатына қатысы бар екенін растады. Іс Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруге алынып, Павлодар облыстық полиция департаментінің өндірісіне берілді. Бұл ретте облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен полиция департаменті оқиғаның қосымша мән-жайы туралы ресми сауалдарға әлі нақты жауап берген жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар