АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей-Украина арасындағы қақтығыс жақын арада аяқталуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Alash.kz.
Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу жөніндегі келіссөздер жалғасып жатқанын мәлімдеді.
– Біз Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты әлі аяқтаған жоқпыз. Мен бұл мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмын. Қаласаңыздар, сеніңіздер, қаламасаңыздар, сенбеңіздер, сырттай олай көрінбеуі мүмкін. Бірақ соғыстың аяқталуы шынымен жақындап келеді, – деді Трамп Мэриленд штатында өткен іс-шарада сөйлеген сөзінде.