Алматыдағы «Жетісу» шағынауданындағы пәтерлердің бірінен 33 жастағы азаматтың сүйегі табылды, деп хабарлайды Alash.kz.
Оқиға орынына шұғыл жеткен жедел-тергеу тобы қажетті тексеру жұмыстарын жүргізіп, марқұмның өзіне-өзі қол жұмсаған болуы мүмкін деген алдын ала болжам жасап отыр.
Оқиғаның толық мән-жайын нақтылау мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы полиция департаменті өкілдері:
«Қазір мамандар оның өмір салтын, араласқан адамдарын және болған оқиғаға қатысы болуы мүмкін өзге де жағдайларды зерттеп жатыр. Тергеу нәтижесінде оқиғаның толық мән-жайы анықталады», — деп мәлімдеді.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары жүргізілген алғашқы тексеру аясында марқұмның соңғы айларда қатты қиындықтарды бастан өткергенін анықтады. Істің нақты егжей-тегжейі жүріп жатқан тергеу барысында белгілі болады.