Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бір күнде көлігімнен, ақшамнан айырылдым»: Дана Нұржігіт ешкімге айтпаған сырын ақтарды (ВИДЕО)

12:46, 07 қазан 2026

Белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуінің тарапынан сталкингке ұшырап, денсаулығы сыр бергенін және алаяқтардың қақпанына түсіп, бар қаржысынан айырылған қиын шағын ашық баяндады, деп хабарлайды Alash.kz.

Басына түскен ауыр сыноқтар кезеңінде 13 жастағы ұлы өзіне үлкен демеу болғанын айтқан ол Айсәуле Бақытбекке берген сұхбатында:

«Бұл өмірде тапқан олжам – ақылды бала, адал дос. Балам сол кезде 13 жаста болды. Басында “Қандай да болсын әкем болғанын тілеймін” деп айтатын. Кейін оның да көңілі қалды. Сол кезде екеуміз бір шеп болып, бірге болдық. Ол менің ең бірінші тірегім болды. «Жығылғанға – жұдырық» болып, сол кезде алаяқтардың қақпанына түсіп қалдым. Бір күнде көлігімнен де, біршама ақшамнан да айырылдым. Екеуміз қара жаяу қалдық», — деп жан сырын бөлісті.

Сондай-ақ тележүргізуші алаяқтардың арбауына түсіп, бар мүлкінен айырылып, торыққан сәтте ұлының айтқан сөздері өзіне қайта жігер бергенін жеткізді. Оның сөзінше, жеткіншек жастағы баласы анасының көз жасы мен депрессиясын көрсе де, оның еңсесі түсіп, сынып кетпеуін өтініп, қиын-қыстау сәтте шынайы жанашырлық танытқан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар