Депутат Әсем Рахметованың айтуынша, заң психологтарға арналған кәсіби стандартты енгізуді көздейд деп хабарлайды Alash.kz .
Құжатта мамандардың ғылыми негізделген әдістерді қолдануы міндеттеліп, олардың кәсіби дамуын қолдауға бағытталған супервизия институты енгізіледі.
Сондай-ақ психологтардың мемлекеттік тізілімі құрылады. Рахметованың сөзінше, бұл тізілімге енген мамандар өздерінің кәсіби қызметінің сапасы үшін жауапты болады.
«Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметіне сәйкес, психологтарды даярлауды 43 жоғары оқу орны жүзеге асырады. Бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша шамамен 17 мың студент білім алуда, ал жыл сайын 4 мыңға жуық маман оқуын аяқтайды», – деді депутат.
Оның айтуынша, Қазақстанның барлық өңірлерінде психологиялық қолдау орталықтары жұмыс істейді. Өткен жылы олар шамамен 50 мың психологиялық кеңес берген.
Сенат депутаттары «Психологиялық қызмет туралы» заңды мақұлдады
Словакияда қазақстандық үш студент ұсталды: оларға қандай айып тағылды? (ВИДЕО)
14:54, 21 қараша 2026
«Әкесін аяусыз сабап, скотчпен байлаған»: Атыраудағы оқиғаға қатысты тың дерек шықты
13:27, 21 қараша 2026
Қайғылы оқиға: Ақмола облысында жүк пойызы рельсте отырған ер адамды қағып кетті
12:36, 21 қараша 2026
Астанада ер адам елордалықтар мен қарағандылықтарды 103 миллион теңгеге алдап кеткен
21:30, 20 қараша 2026
“Дипломым жоқ – бизнесім бар" - Төреғалидың қарындасын "Хабар" жүргізушілікке шақырды
18:05, 20 қараша 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сын-қатерлерді ескеру қажет. Түрлі болжамдар жарияланып жатыр».
17:05, 20 қараша 2026
Астанада тұрғындарға құқықтық көмек көрсетуге арналған «Халық заңгері» акциясы өтті
16:38, 20 қараша 2026