Сәтпаев қаласында жантүршігерлік жағдай орын алды. Белгісіз ер адам подьезд ішінде қыз баланы зорламақ болған, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Сәтбаев қаласында белгісіз ер адам қызды зорламақ болды.
Ұлытау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Видеода ер адамның қыздың артынан жүгіріп келіп, аузын жауып, есіктің қасына апарып зорламақ болғаны байқалады. Қыз қатты шыңғырып, артынша көрші үйден бір апай шығады.
Күдікті қашып кеткенімен, полиция оны дереу ұстады.