Әскердегі өлім-жітім әлі азаймай тұр. Сарыөзекте тағы бір жауынгер мерт болды, деп жазады Alash.KZ.
«2025 жылдың 14 қаңтарында сағат 12:30 шамасында № 12740 әскери бөлімнің мерзімді әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Құрманбек Дастан Маратұлы (туған күні: 04.06.2006 ж.) АК-74 қаруымен жүрек тұсына оқ атты. Сарбаз сол жерде қайтыс болды», - делінген хабарламада.
Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері анықталуда, тергеу іс-шаралары жүргізілуде.