Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Салтанаттың әкесінің Бишімбаев пен Байжановтың үкіміне пікір қандай?

20:34, 13 мамыр 2024 762

Марқұм Салтанат Нүкенованың әкесі Амангелді Нүкенов үкіммен келіспейтіндерге үндеу жасады.

"Бізді ойлағандарға рақмет. Халық қолдап жатыр. Бүкіл әлем қолдап жатыр. Бәріңізге рақмет. Берген жазаны аз деп ойласаңыздар, мешітке барып, Құран бағыштаңыздар. Алла тағаланың да жазуы бар оған әлі", - деді Амангелді Нүкенов.

Ал Амангелді Нүкенов Бақытжан Байжановқа қатысты сот үкімімен келіспейтінін айтты.

"Екі дүниеде де кешірім жоқ. Бұл қылмыскерге кешірім жоқ. Ал енді бүгін Бишімбаевқа берген 24 жыл, біз оны қабылдаймыз, бірақ Байжановқа берген 4 жылды бізді қабылдамаймыз. Негізінде жартысын оған да беруі керек, бір 10 жыл", - деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар