Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдына орай ескерткіш пен арнайы алаң ашылды

12:09, 25 мамыр 2024 728

Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына орай Ақкөл қаласында қаһарман тұлғасын ерекшелейтін ескерткіш пен алаң ашылды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, ҚР бірінші Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың ғасырлық мерейтойына орай туған жерінде салтанатты жиын өтті. Оған Парламент Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев, Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, ардагерлер, курсанттар, жергілікті тұрғындар, сондай – ақ батырдың немересі мен шөбересі-Айжан Нұрманамбетова мен Сатай Мақсат қатысты.

Сағадат Нұрмағамбетов 18 жасынан ел қорғау қызметіне араласты, 1943 жылы Солтүстік Кавказ майданында жас офицер ретінде жауға қарсы күресті. 

Соғыс жылдарында Сағадат Нұрмағамбетов Краснодар өлкесін, Украинаны, Молдованы, Батыс Беларусь пен Польшаны азат етуге қатысты. 1945 жылы 27 ақпанда «Польша аумағында жаудың мықты бекінісін бұзып өтіп, қолбасшылықтың жауынгерлік тапсырмаларын үлгілі орындағаны үшін, сонымен қатар көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін» қазақ халқының ұлына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Сағадат Нұрмағамбетов басқарған батальон Гитлердің рейхскеңсесінің ғимаратына шабуыл жасады. 

Соғыстан кейінгі 1946–1989 жылдары Сағадат Қожахметұлы Түркістан әскери округі штабының жедел басқару офицерінен бастап Орта Азия әскери округі әскерлері қолбасшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.

1992 жылы 7 мамырда генерал Нұрмағамбетов тәуелсіз Қазақстанның Қорғаныс министрі болып тағайындалды.

1992 жылдан 1995 жылға дейін министрлікті басқарған Сағадат Қожахметұлы армиямыздың қалыптасуы жолында ерен еңбек етті. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1994 жылғы 23 мамырда оған № 1 «Алтын жұлдыз» табыс етіле отырып, Халық қаһарманы атағы берілді.

Қызметін аяқтағаннан кейін Сағадат Қожахметұлы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып,өмірінің соңына дейін ел игілігіне жұмыс істеді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар