Нәуайы облысы Қарманин ауданындағы №15 мектептің 8-сынып оқушысы бала туды, деп хабарлайды Alash.kz.
Өзбекстанның мектепке дейінгі және мектеп білім беру министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары тергеу жүргізуде.
Сонымен қатар, мектеп директорының оқушы сабаққа қатыспаса да, оған баға қойып отырғаны туралы ақпарат та тексерілуде.
Бұған дейін осындай жағдай Самарқанд облысында да тіркелген еді. 2009 жылы туған 8-сынып оқушысы 17 жастағы қызбен қарым-қатынасқа түсіп, 2024 жылдың 6 мамырында олардың баласы дүниеге келген.
2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Өзбекстанның бес өңірінде мектеп оқушылары арасында ерте жүктіліктің алты жағдайы тіркелген. Министрліктің мәліметінше, оқушылардың жүктілікке ұшырау жағдайлары сабақтан тыс уақыттарда болған.