Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресейдің Иреклі су қоймасынан жіберілген топан судың еліміз аумағындағы қаупі басылмай тұр

18:43, 27 сәуір 2024 461
Су ресурстары және ирригация министрлігі Ресей Федерациясының Иреклі су қоймасынан жіберілген тасқын суы еліміздің аумағы арқылы өтіп жатқанын нақтылады, кейбір өңірде су тасқыны жалғасып жатыр, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

"Қазсушар" мекемесінің Батыс Қазақстан филиалы Ресейден келген 30 млн текше метр тасқын суын облыстағы Қамыс-Самар көлдеріне жіберді.

Бұдан бөлек, "Қазсушар" мамандары тасқын суын соңғы жылдары құрғай бастаған Еділсор, Жалтыркөл, Бірқазан, Соркөл, Салтанат және басқа да су айдындарына жіберуге ниетті.

Ақмола облысында Астана және Сілеті су қоймалары 100%-ға толы.

"Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Астана контрреттегішінен Есіл өзеніне тәулігіне 4,75 млн текше метр су жіберіледі. Өңірде "Альва" және "Кеңбидайық" лиманды суару жүйелері 100%-ға толды. Сондай-ақ, Целиноград ауданының Қозыкөш, Мұқыр және Қарасу өзендерінің арналары суға толды. Қорғалыжын қорығының Теңіз көліне 1,5 млрд текше метр су жіберілді", делінген министрлік хабарламасында.

Солтүстік Қазақстан облысында 2 ірі су қоймасы 100%-ға толыЕсіл өзеніндегі су тасқынының екінші кезеңі жалғасып жатыр.

"Сергеев су қоймасы бөгетінің жотасы арқылы судың асып кету биіктігі 270 сантиметрге дейін төмендеді. Аймақтағы жағдай шиеленісті болып қала береді", делінген хабарламада. 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар