Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресейдің Түмен қаласы маңындағы Есілдің суы 10 метрге жетті

18:24, 21 сәуір 2024 807

Ресейдің Түмен облысындағы Түмен қаласы маңындағы Есіл өзенінде су деңгейі таңғы сағат 08:00-де (жергілікті уақытпен сағат 06:00) 1051 см-ге дейін көтерілді, деп хабарлайды alash.kz сайты ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеп.

Бұл туралы аймақ басшылығының ақпарат орталығынан хабарлады. 

Ильинка елді мекенінде Есілдегі су деңгейі бір тәулікте 12 см-ге төмендеді. Абатский, Стрехнино және Коркино елді мекендер аумағында су деңгейі жарты метрден астамға көтерілді. Сонымен қатар Ертіс өзенінде де су деңгейі көтеріліп, Уват және Демьянское елді мекендерінде тәулігіне сәйкесінше 75 см және 65 см құрады.

20 сәуірде сағат 20:00-дегі мәлімет бойынша, Есіл маңындағы су деңгейі бір мезгілде 1006 см-ге дейін көтерілген. Бұл ретте бір тәулікте су деңгейі 140 см-ге өсті. 

Бұрын хабарланғандай, Ресейдің Түмен облысында су тасқыны болуы мүмкін аумақ айтарлықтай ұлғайған. Тұрғындарға бөгет бұзылу қаупі туралы да ескертілді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар