15 наурызда Ресейде президент сайлауы басталды. Дауыс беру 17 наурызда жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20.00-де аяқталады. Осы уақыт аралығында Ресей Федерециясының елде және шетелде тұрып жатқан азаматтары президенттікке үміткер адамды таңдап,дауыс бере алады.
Президент сайлауы Ресейдің барлық жерінде жергілікті уақытқа қарай сағат 08.00-де басталды. Қазір қолда бар мәліметке қарағанда, 94 мың сайлау учаскелері ашылған. Биылғы саяси додаға елдің қазіргі президенті Владимир Путин, «Новые люди» партиясынан Владислав Даванков, РФ Либерал-демократиялық партиясынан Леонид Слуцкий мен РФ Комунистік партиясынан Николай Харитонов түсіп жатыр.
ТАСС агенттігінің мәліметінше, 25 ақпан мен 14 наурыз аралығында Ресейдің алыс жерлері мен әскери бөлімдерінде алдын ала сайлау ұйымдастырылған. Оған қоса, 51 елде сайлау учаскелері ашылып, Ресей азаматтары дауыс берді.
Ресейдің Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Элла Памфелованың айтуынша, Украинадағы соғыста қаза тапқан жауынгерлердің атынан олардың жақындары мен қаруластары да дауыс бере алатынын мәлімдеді. Ол қаза тапқан адамдарды тізімнен өшіре алмайтынын ашық айтты.
Елдің ОСК дерегінше, Надеждин – 104 998 қол, ал Ресейдің қазіргі президенті Владимир Путин – 315 мың қол тапсырған.