Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресей және өзге елдерден Қазақстанға тағамдық жұмыртқа әкелуге тыйым салынды

10:51, 27 сәуір 2024 470
ҚР аумағына автомобиль көлігімен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тағамдық жұмыртқаларын әкелуге алты ай мерзімінде уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Бір айта кетерлігі, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өзге елдерге тауық жұмыртқаларын тасымалдауға шектеу қойылмаған.   

"Тағамдық жұмыртқа импортына уақытша тыйым көктемгі-жазғы кезеңде отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында енгізілді. Айта кету керек, осы кезеңдерде жұмыртқаға сұраныстың төмендеуі байқалады, нарықтың қажеттіліктері өнеркәсіптік өндіріс арқасында және үй шаруашылығы өнімдерінің нарықта белсенді болуымен толығымен жабылады. Бұл фактор құс фабрикаларының қызметіне теріс әсер етеді, жұмыртқа бағасы төмендейді. Бағаның өзіндік құннан төмен түсуі кәсіпорындардың рентабельділігіне теріс әсер етеді".ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, осы кезеңде жұмыртқаны сақтау мерзімі қысқарады. Бұл қоймаларда тауардың артық жиналып қалмауын қамтамасыз ету үшін маңызды.

"Осыған байланысты, отандық тауар өндірушілерді қолдау және ішкі нарықты қорғау мақсатында Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда көктемгі-жазғы кезеңге автомобиль көлігімен тауық жұмыртқаларын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге уақытша шектеу шараларын белгілеудің орындылығы мақұлданған болатын", делінген хабарламада.

Бұйрық 2024 жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енетіні хабарланды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар