Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресейдің Украинадағы соғыста жүрген 150-ге жуық жауынгері келісімшартын үзіп, үйлеріне қайтқан

02:43, 12 шілде 2022 266
[ad_1]



Бурятияның Ресей әскерінде келісімшартпен қызмет етіп, Украинада соғыста жүрген 150-ге жуық жауынгері "қылмыстық іс қозғалады" деген қоқан-лоқыға қарамастан келісімшартын үзіп, үйлеріне қайтқан. Бұл жөнінде "Азат Бурятия" қоры хабарлады. Жауынгерлер Украинадан 9 шілдеде оралған.


Қор жетекшісі Александра Гармажапова әскерден босап келгендерге "өзінің де, өзгелердің де өмірін сақтап қалғаны үшін" алғыс айтқан.


"Путиннің амбициясы үшін соғысып, босқа өлудің керегі жоқ", - деді ол.


Бұған дейін Қабардин-Балқар республикасындағы Росгвардия қызметкерлері және Хакасия мен Кемер облыстарындағы арнаулы жасақ жауынгерлері Украинадағы соғысқа барудан бас тартқаны туралы хабар шыққан. Бұл ақпаратты жариялаған бірнеше журнлаист пен қоғам белсенділеріне "Ресей әскері туралы жалған ақпарат таратты" деген айыппен қылмыстық іс қозғалған.







[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар