Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресей Азаттық радиосы Қазақ, Өзбек және Түрікмен редакцияларының орыс тіліндегі сайттарын бұғаттады

18:55, 28 наурыз 2022 374
[ad_1]



Ресей Азаттық радиосының Қазақ, Өзбек, Түрікмен сайттарының орыс тіліндегі нұсқаларын бұғаттады.

Ресейдің тәуелсіз "Медиазона" сайты онлайн-ресурстардың бұғатталғанын бақылайтын "Роскомсобода" ұйымына сілтей отырып, Азат Еуропа/Азаттық радиосының Қазақ редакциясы (rus.azattyq.org), Өзбек редакциясы (rus.ozodlik.org) және Түрікмен редакциясы (rus.azathabar.com) сайттарының орыс тіліндегі нұсқаларын Ресей Бас прокуратурасының 26 наурыздағы талабы бойынша бұғаттағанын хабарлады.

Азат Еуропа/ Азаттық радиосы медиакорпорациясының президенті Джейми Флай бұл әрекетті айыптады.

"Азат Еуропа/Азаттық радиосы Орталық Азия редакцияларының орыс тіліндегі сайттары Орталық Азияның орыс тілінде сөйлейтін халқы мен Ресейде жұмыс істейтін немесе сонда тұратын азаматтарына жаңалықтар мен ақпараттар ұсынуда маңызды рөл атқарады. Енді олар Кремльдің цензурасына байланысты Украинадағы соғыс жайлы тәуелсіз ақпарат көзінен айырылып отыр. Біз ақпарат контентімізді цензураға салмаймыз, Азаттық сөйлейтін әлемнің 27 тілінде шындықты айта береміз", - деді Джейми Флай.

17 наурызда Роскомнадзор Ресейдегі "Медиазона. Центральная Азия" сайтын шектеген еді, одан бұрын Украинадағы соғысты көрсеткені үшін Ресей "Медиазонасын" бұғаттап тастаған.

Украинаға басқыншылық бастағалы Ресей тәуелсіз БАҚ-тарды бұғаттауға кіріскен. 4 наурызда Азаттықтың Ресейдегі Орыс редакциясының сайты ашылмай қалған, оған дейін Роскомнадзордан "сайттың бұғатталатыны" жөнінде бірнеше хабар алған.

Журналистерге қысым көбейген соң және Ресей президенті Владимир Путин "Ресей әскері туралы жалған ақпарат таратқаны үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы" заңға қол қойғаннан кейін Азаттық радиосы Ресейдегі жұмысын тоқтатып, сырттан хабар таратуға көшкен.

Наурыздың басында "Ресей әскерінің Украинаға басып кіргені туралы" ақпаратты алып тастау жөнінде Роскомнадзор талабына мойынсұнбауына байланысты Азат Еуропа/Азаттық радиосының орыс тіліндегі тоғыз жобасының сайты бұғатталған еді. Оның ішінде "Крым.Реалии" (Азаттықтың Қырым редакциясы) мен "Настоящее Время" да бар.

Ол кезде Азат Еуропа/Азаттық радиосы медиакорпорациясының президенті Джейми Флай Роскомнадзор талаптарын орындай алмайтынын мәлімдеп, "Кремльдің редакциясы шешіміне араласқанына көне алмаймыз" деген болатын.

Украинада соғыс басталғалы "Медуза", Би-би-си, "Америка дауысы", Deutsche Welle секілді ірі медиаұйымдардың сайттары Ресейде бұғатталған.



[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?