Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресей әскері 3 айда Ауған соғысындағыдай шығынға ұшырады

08:37, 24 мамыр 2022 235
[ad_1]


Ресей әскері Украинаға басып кірген алғашқы 3 айда Совет өкіметінің Ауғанстанда 10 жыл соғысқандағы шығынына пара-пар шығын көрген болуы мүмкін. Бұл ақпаратты 23 мамырда Британия барлауы жариялады.


Украинадағы соғыс туралы кезекті ақпаратында британ барлауы Ресей әскерінің көп шығынға ұшырағанын жекелеген бөлімшелерінің тактикалық дайындығының нашарлығына, командалық басқарудың икемсіздігіне және әуеден қолдаудың жеткіліксіздігіне байланыстырды.


Мамыр айының ортасында Британия барлауы Ресей ақпанда Украинаға басып кіру үшін жинаған құрлықтағы әскерінің үштен бірінен айырылғанын жариялады. Ол кезде шамамен 150 мың жауынгер болған. Алайда оның қаншасы өлгені белгісіз.


"Медиазона" есебінше, Украинада өлген Ресейдің 2500 жауынгерінің аты-жөні ашық деректерде бар. Ресей Қорғаныс министрі өлгендер санын алғаш рет наурыз айында екі есе азайтып хабарлаған. Украинаның есебінше, Ресей әскерінің шығыны 30 мыңға жуықтаған. Украина өз шығыны жайлы хабарлаған жоқ. Екі тарап та өз шығын азайтып, қарсылас шығынын ұлғайтып көрсетуге тырысады. Бұл мәліметтерді соғыс жағдайында тексеру мүмкін емес.


Совет әскері Ауғанстандағы негізінен ауған көтерілісшілерінің шашыраңқы топтарымен соғысқан болатын. Бұл жолы Ресей әскеріне Украинаның 261 мыңдық әскері, 100 мыңға жуық жергілікті қорғаныс бөлімдері және өзге де күш құрылымдарының бөлімшелері қарсы тұр.



[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар