Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Ресей ешкімге қауіп төндірмейді” - Путин ядролық қару туралы әлем күтпеген мәлімдеме жасады

12:11, 05 қараша 2025 463

Ресей президенті Владимир Путин елінің ешбір мемлекетке қауіп төндірмейтінін, алайда басқа ядролық державалар секілді өз стратегиялық және ядролық әлеуетін дамытып жатқанын айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

 Бұл туралы ол “Буревестник” зымыраны мен “Посейдон” торпедасын жасаушыларды марапаттау рәсімінде мәлімдеді.

“Біздің еліміз ешкімге қауіп төндірмейді. Ресей де өзге ядролық мемлекеттер сияқты өз ядролық және стратегиялық әлеуетін дамытып келеді”, - деді Путин.

Ресей  басшысы бұл мәлімдемелердің барлығы бұрыннан жоспарланған және алдын ала жарияланған бастамалар екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол жаңа “Орешник” зымыран кешенінің сериялық өндірісі басталғанын хабарлады.

Бұған дейін, қыркүйек айында Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков та Мәскеудің ешкімге қауіп төндірмейтінін мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, Ресей ешқашан Еуропаға әскери қысым көрсетпеген және өз инфрақұрылымын батысқа қарай жылжытпаған.

Ал 2022 жылы Путин Ресейдің ядролық қаруды ешбір елге қарсы қолдануға ниеті жоқ, бірақ мұндай қарудың барын естен шығармау керектігін айтқан еді. Кейін Ресей Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова бұл ұстанымды растады. Оның сөзінше, Мәскеу тек ұстамдылық және қорғаныс саясатының логикасын ұстанады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар