Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Анасының араққа салынғанын біліп, 17 жасар қызын жылдар бойы зорлаған” - Ақтөбедегі жаға ұстатарлық қылмыс туралы сұмдық ақпарат белгілі болды

16:59, 04 қараша 2025 637

Ақтөбеде 17 жасар ақыл есінде кемістігі анықталмаған қыз бірнеше жылдан бері жыныстық зорлық көріп келген, деп хабарлайды Alash.kz.

НеМолчи.kz" қорына Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған қыздың азғындық көргені туралы ақпарат түскен. Істің жай-жапсары әлеуметтік желілерде жарияланғаннан кейін әкімдік бұл жағдай Ақтөбе қаласында орын алғанын растады.

"Кәмелетке толмаған қыз қазіргі уақытта отбасы дәрігерінің бақылауында. Ол анасымен бірге тұрады. 2024 жылы медициналық көмекке жүгінгенде, анасының келісімімен әлеуметтік себептер бойынша жүктілігі тоқтатылды. Қызға контрацепция (ішкі жатыр құрылғысы) қамтамасыз етілген. Басқа медициналық ақпарат құпия болып табылады," – деп хабарлады әкімдіктен.

Жасөспірімге 14-15 жасынан бері азғындық жасалған. Оның анасының ішімдікке салынғанын білген ер адамдар қызға бірнеше рет ойындағысын іске асырып, зорлық көрсеткен. Оқушы оның салдарынан екі рет түсік тастаған. Бұдан соң оған тағы екі ота жасау керек болған. Қыз өзінің ауыр қалінен соң қоғам белсенділерінен дәрі алып беруді өтініп, көмек сұраған. Алайда қыздың ішімдікке салынған анасы қатынас өзара келісіммен болғанын айтып, істі жапқызып тастаған.

Жағдайға қатысты Балалардың құқықтары бойынша өңірлік өкілі Айгүл Нүркеева да пікір білдірді.

"Мен учаскелік полицей, қамқоршылық органдары және кәмелетке толмағандар комиссиясының өкілдерімен бірге отбасына барып, тұрмыс жағдайымен таныстым. Анасы ата-аналық құқықтарынан айырылып, шектелмеген. Бұл жағдай менің бақылауымда," – деді Нүркеева.

Актөбе облыстық полиция департаменті хабарлағандай, аталған факт бойынша тексеру жүргізілген, бірақ қылмыстық іс қозғауға негіз жоқ.

"2024 жылы медициналық тексеру кезінде кәмелетке толмаған қыздың жүктілігі анықталды. Анасы медициналық диагнозға байланысты медициналық аборт жасауға шешім қабылдады," – деп хабарлады полиция.

Қыздың анасы құқық қорғау органдарына құқыққа қарсы әрекет туралы шағым беруден бас тартқан. Барлық мәліметтер зерттеліп, жағдайға қатысы бар адамдардан сұрау алынған. Жасөспірім мен жігіт өзара келісім бойынша қатынаста болған.

"12–13 жасында кәмелетке толмаған қызға сексуалды зорлық жасалған болуы мүмкін деген дәлелдер расталмады. Процестік шешім қабылдауға негіз жоқ," –  деп толықтырды полиция департаменті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар