Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Желкесінен ұстап, шалқасынан түсіріп, жүрек тұсынан атқан” - Түлкібаста оққа ұшқан 17 жасар баланың анасы бар шындықты жайып салды

19:25, 04 қараша 2025 549

Түркістан облысының Түлкібас ауданында екі жігіт бір топ адамға оқ атқан. Оқиға салдарынан қаза болған 17 жасар боз баланың анасы оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп жазады Alash.kz.

Қайғыдан қан жұтқан ана қыршың қиылған баласының өлім оқиғасын баяндап берді:

Менің баламды қазір жер қойнына тапсырдық. Жүрек тұсына тиген. Ауруханада жатқан 17 жасар баланы да атып өлтіруге оқталып келген. Басына тақап. Сол кезде бандиттердің оғы таусылып қалған екен. Ол жерде қашып үлгерген балалар да болған. Түрлері көрінбеген. Қара маска киген. Ешқандай түрін көрмедік деді. Бәрі машинадан түсіп-түсіп, патырлатып атты да, кетті де. Дауыстары ешқандай естілмейді. Қолдарында қара қолғаптары бар деді. Ол жерде бейғам тұрған, ештеңемен шаруасы жоқ балалардың бәрін атқан. Менің балам сол уақытта машинаның астына екі бүктеліп жатып қалған деп естідім. “Ол баланы желкесінен ұстап, шалқасынан түсіріп, жүрек тұсынан атты” деп естідім. Әдейілеп, шатастырып алған ба, білмеймін. Бүгіліп жатқан жерінен, көкірегінен дәлдеп тұрып жүрек тұсынан атқан.

Баласынан айырылған ана қандай күйде болады? Мен жазаларын тартқызуды ұсынамын. Үш күннен бері неге таппай жатыр олар? Бүкіл камераны ашпай жатыр.

Оқиға куәгері, әрі сол жерде оқ жарақатын алған марқұмның ағасы сол күнгі жайтты түсіндіріп берді:

Екі інім аптекадан шығып келе жатқан. Олар жақындап қалғанда атты келіп. Құладық. Жақындап келіп, тарсылдатып атып жатыр. Сасқалақтап, көтеріп алып ауруханаға жеткіздік.

Біздің ауылдың балаларымен ерегісте болмаған. Жайдан-жай болған. 10 метрден бір атты. Машинаның артына жатып қалдық. Жақындап келіп атты. Бір баланың аяғына, санына тиген. Інімнің жүрек тұсына тиген. Тағы бір баланың тобықтарына тиген. Менің аяғыма тиді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар