Белгілі журналист, ақын Қымбат Әбілдақызы Мөлдір Мұқанға қолдау танытып, Тұрсынбектің анасына ренішін білдірді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
"Мөлдір десе, Мөлдіреп тұрған сүп-сүйкімді қыз 20 жасында екеуі сүйіп қосылып, үлкен абыройға жетті. Алла ұл десе ұл, қыз десе қыз берді ғой. Бақ берді, байлық берді. Мынадай жағдайда ажырасып жатқаны ақылға сыймайды. Ешкімді кінәлаудан аулақпын. Екеуін де ана туған. Тұрсынбектің балаларына хабарласпай, осындай күй кештіруі құдайсыздық шығар. Балаларға неге жаның ашымады? Алдыңдар не күтіп тұр дегім келеді бауырыма. Мөлдірдің анасы он үш жасында қайтыс болған. Кішкентай кезінен отбасыны сақтап қалудағы үлгісін бойына сіңіріп кеткені байқалады. Ал Тұрсынбектің анасы, сіз тірісіз ғой. "Балам, сен адассаң да мен адаспаймын. Ол сенің қолыңа қонған ақ құсың, енді жапырағың жайқалып бәйтерекке айналар шағыңда, мені бұны көтере алмаймын", деп неге өзіңіз басу айтпайсыз? Анасының сөзін тыңдамайтын ұл бала жоқ. Ананың сөзін ұлдар ерекше құрметтейді", - деді Қымбат Әбілдақызы.