Халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
“Қазақстандық жас талантты оқушыларды “FIRST Global Challenge 2025” халықаралық робототехника олимпиадасында төртінші мәрте қатарынан жеңімпаз атанғанымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл жеңіс – біздің еліміздің білім мен ғылымға деген шынайы ұмтылысының, жастарының биік рухы мен қажырлы еңбегінің айғағы. Бүгінгі табыстарыңыз – тек Қазақстанның емес, бүкіл әлем жастары үшін үлгі.
Ғылым мен технология — ұлттың дамуының басты тірегі. Барша қазақстандық жастарды білім мен ғылым жолына ден қойып саналы ұрпақ болып өсуіне тілектеспін!”,- деп жазды Димаш Құдайберген.