Бүгін сағат 12:00-де Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Ғ. Орманов атындағы кітапханасының Кавoркинг кабинетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Джумурбаев Тимур Ғабдұлұлының қатысуымен Жетісу өңірінің белсенді жастары мен студенттерімен кездесу өтті.

Кездесу өңір жастарының азаматтық белсенділігін арттыру, патриоттық тәрбие мен этносаралық келісім құндылықтарын насихаттау, көшбасшылық қабілеттер мен қоғамдық жауапкершілікті дамыту мәселелеріне арналды. Тимур Ғабдұлұлы өз сөзінде қазіргі жастардың қоғам өміріндегі рөлін атап өтіп, әрбір жас азаматтың ел дамуына қосар үлесінің маңыздылығын ерекше атап өтті. Сондай-ақ кездесуде жастар саясаты, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, жастар бастамаларын қолдау бағыттарында пікір алмасу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында студенттер мен жастар ұйымдарының өкілдері өздерінің жаңа идеяларын ұсынып, өңірде жүзеге асыруға болатын бірлескен жобалар жөнінде ұсыныстар білдірді. Бұл кездесу – жастардың ел болашағына деген сенімін нығайтып, жаңа бастамалар мен тың идеяларға жол ашқан игі диалог алаңы болды.