Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жұлдызда шаруаларың болмасын”: Қайрат Нұртастың әкесі сын айтқандарды орнына қойды

20:35, 03 қараша 2025 880

Әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков келіндері жайлы тараған қауесетке нүкте қойды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Нұртас Адамбеков желідегі парақшасында кіші ұлы Заңғардың әйелі мен жаңа туған немересіне домбырамен ән арнап, бейнежазба  жариялады. 

"Аллаға шүкір, биыл урожайный год болды! Алла өмір берсін бәріне!", - деп жазды ол. 

Өнер иесінің бұл әрекетін оқырмандары жақсы бағаласа, енді бірі келіндерін бөліп-жарып, Жұлдыз Әбдікәрімованы елемейді деп сынға алды.

"Қайраттың баласына да барып қайтыңыз", "Қолдағы немере мен сырттағы немере бөлек болады",  "Домбыраңызды алып Қайраттың рабиясына барыңыз енді", "Рабия-Сұлтанға да барып ән арнаңыз",  "Жұлдызға да барып әу деп қайтыңыз", "Жұлдыздың қызына неге бармайсыз", - деп жазды желі қолданушылары. 

Өз кезегінде Нұртас Адамбеков былай жауап берді:


«Ал Жұлдызда шаруаларың болмасын. Ол – менің бес немеремнің анасы. Оған менен жақын адам жоқ!», – деп жазды Нұртас Адамбеков.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар