Астанада жас футболшыларға арналған QJ league Awards марапаттау кешіне қатысқан «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Шерхан Қалмырза Kursiv Media-ға сұхбат беріп, танымалдығы туралы айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Шынымды айтсам, танымал болу көп энергияны алады екен. Мысалы, отбасыммен қалада жүрсем, көп адам келіп, мазамды алады. Жаман болады екен. Қатты мән бермеуге тырысамын. Ол туралы ойланбай, алдыма қойған мақсаттарыма жету үшін жұмыс істей беремін», - деді Шерхан Қалмырза.