Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Ресей, БАӘ, Еуропа, Мысыр…”: Қасым-Жомарт Тоқаевты қай елдердің басшылары құттықтады?

18:57, 31 желтоқсан 2025

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Жаңа жыл мерекесіне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келіп түсуде, деп хабарлайды Alash.kz. 

Мемлекет басшысына жолданған ресми хаттарда Қазақстанның халықаралық аренадағы табыстары мен екіжақты қарым-қатынастарды нығайтудың маңыздылығы ерекше атап өтілген.

Қазақстанның жақын серіктестері мен көршілес елдерінен Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Әзербайжан, Беларусь және Армения басшылары өз лебіздерін білдірді. Бұл елдердің президенттері мен үкімет басшылары екіжақты қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын айта кеткен.

Таяу Шығыс пен Африка өңірінен Біріккен Араб Әмірліктері, Марокко, Иран және Мысыр басшылары құттықтау жолдады. Еуропа құрлығынан Испания Королі мен Премьер-министрі, Германия Президенті мен Федеральдық Канцлері, Ұлыбритания Премьер-министрі, сондай-ақ Италия, Мажарстан, Словения, Албания, Хорватия және Латвия президенттері ресми хаттарын жолдап, ізгі тілектерін жеткізді.

Азия-Тынық мұхиты аймағынан Жапония мен Корея Республикасының басшылары, Вьетнам, Мьянма және Сингапурдың жоғары лауазымды тұлғалары құттықтаушылар қатарында болды. Африка құрлығынан Руанда Президенті де тілектестік білдірді. Халықаралық деңгейде Еуропалық кеңес, ТМД, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, ФИФА және Халықаралық дзюдо федерациясы секілді беделді құрылымдардың жетекшілері де Мемлекет басшысын мерекемен құттықтады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар