«Қызық премия-2024» тележобасында құрметті қонақ болған дзюдошы Елдос Сметов өзіне табысталған сыйлықты қабылдамады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Дзюдошы Елдос Сметов өзіне табысталған сыйлықты қабылдамай, оны білім олимпиадасының чемпионына табыстатты.
Елдос Сметов жобада «Жылдың үздік спортшысы» атанған болатын. Алайда, спортшы өз марапатын білім мен ғылымды қолдау мақсатында химия пәнінен 2023 жылғы халықаралық олимпиада чемпионы Санжар Бейсенәліге табыстауды жөн көрген.
«Мен өзім «Жыл спортшысы» номинациясын осыған дейін 3-4 рет алдым. Қазір Халықаралық дзюдо федерациясы 2024 жылғы спорт маусымын қорытындылайтын «IJF Judo Awards 2024» жүлдесінің үміткерлер тізімінің қатарына ендім. Әлемде үздік болуыма қолдау көрсетіңіздер. Енді осы «Қызық премия» берген марапатты жылдың бастамасы болсын деп, химия пәнінен олимпиада чемпионы Санжар Бейсенәліге табыстағым келеді», - дейді Елдос Сметов.