Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова сотта 1 миллион долларды жылдар бойы адал еңбегімен тапқанын айтты, деп жазады Alash.KZ.
Ол 1993 жылдан бастап кәсіппен айналысып, 2003 жылдан бері жеке кәсіпкер ретінде Қызылордада кәмпит, мандарин және апельсин сатумен айналысқан. Таразда жеке мектеп, кейін SPA-салон ашқан.
"Кейін ғимараттар мен екі қабатты үйімді сатып, Әулие – Ата университетін аштым. 2007 жылы бір ғимаратты 1 миллион долларға саттым", – деді ол сотта.
Кейін Шымкентке көшіп, түлектерге жұмысшы мамандығын үйрету, кеңес беру компаниясын ашу және тіс дәрігерлеріне арналған химиялық препарат өндірумен айналысқан.
Нұрлыбекованың айтуынша, 2017 жылы Антикор барлық мүлкін тексергенде, нәтижесінде бәрі адал табыс деп танылған.
Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова туысы Бекзат Кемеловамен соттасып жатыр.
Нұрлыбекова қылмыстық іске жәбірленуші деп танылған.