Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қырғызстан мен Өзбекстанды жалғайтын жер асты жолы табылған

06:57, 28 маусым 2022 400
Өзбекстанда Қырғызстанға алып баратын тағы бір жер асты жолы табылған. "Жер асты жолына лифт, электр жарығы мен бақылау камерасы орнатылған" деп хабарлайды Азаттықтың Өзбек редакциясы.



23 маусымда Ферғана облысының Риштан облысында тұратын азаматтың үйінен Қырғызстанның Баткен облысы Қадамжай ауданына апаратын жер асты жолы табылған.

жер асты жолы жайында Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметі хабарлаған. Бұл хабарға қарағанда, Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметі мен облыс полициясы арнаулы операция кезінде жүк көлігін тоқтатқан. Көліктен IPhone 13 Pro Max, Samsung Galaxy S 22 ultra, RedMi Note 11 маркалы 2707 смартфон табылған. Тауардың жалпы құны 15 миллиард сумға бағаланған.

Көлік иесінің үйін тінтігенде жер асты жолы табылған. Жолдың ені 1-1,5 метр , биікті 2 метр, ұзындығы 130 метрге жуық боп шыққан. Құқық қорғау органдары жариялаған видеодан жер асты жолының бетондалғаны, ішінде жарығы мен лифтісі бар екені көрінеді.

Құқық қорғау органдары таратқан хабарда, жер асты жолы Қырғызстаннан Өзбекстанға тауар тасуға пайдаланылғаны айтылған.

Бұған дейін де екі елдің арасында валюта мен түрлі тауар тасуға пайдаланып жүрген екі жер асты жолы табылғаны хабарланған.



 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар