Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қуыршақтай пайдаланды!”: Мүгедектерді сауда құралына айналдырған отбасының құйтырқы әрекеті әшкере болды

19:21, 04 шілде 2025 207

Ақтауда адамгершілікке жат әрекетке барған қатыгез отбасы мүшелері 7 жылға сотталды. Олар екі мүгедек ер адамды бірнеше ай бойы бостандықтан айырып, базарларда мәжбүрлеп қайыр сұратқан, деп мәлімдейді Alash.kz.

ҚР Бас прокуратурасының мәліметінше: 

Істі болғандар - 50 жастағы әйел мен оның екі ұлы. Олар 2023 жылдың қазанынан 2024 жылдың наурызына дейін екі ер адамды заңсыз ұстап, оларды Ақтаудағы халық көп шоғырланған орындарға шығарып қойған. Жәбірленушілердің екеуі де төменгі аяқ-қолдарынан айырылған мүгедектер. Алдымен мүгедектерді Қарағандыдан Семей қаласына, содан кейін Ақтауға алдап алып келген. Ақтауға жеткізілген соң, оларды күн сайын қайыр сұрауға мәжбүрлеген. Түскен ақшаның барлығы толықтай “қожайындардың” қалтасына кеткен. Жәбірленушілер бірнеше рет қашуға тырысқан, бірақ қылмыскерлер оларды қорқытып, соққыға жыққан. Психологиялық қысым да көрсетілген. Тек биыл наурыз айында ғана жәбірленушілердің бірі сәті түсіп, полицияға шағымдана алған.


 ORDA.KZ хабарлағандай, мұндай оқиға бұған дейін Қарағандыда да тіркелген. Ол кезде қылмыстық топ мүгедек арбадағы ер адамды бірнеше жыл бойы көшеде қайыр сұратуға мәжбүрлеп, күн сайын 100 мың теңгеге дейін табыс тауып отырған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар