Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Құрылғы қолданғанда талып қалған". Қызылжар тұрғыны дәрігер тексергеннен кейін қайтыс болды

20:00, 14 қараша 2025 86

Қызылжар тұрғыны ауруханада медициналық тексеруден кейін қайтыс болды, деп хабарлайды  Alash.kz.

Аstanatv.kz телеарнасының хабарлауынша, қайғылы  жағдай Шал ақын ауданының орталық ауруханасында болған. 44 жастағы азамат денсаулығының сыр бергенін айтып, асқазанын тексертпекші болған.

Арнайы тексеру құрылғысын ішінен шығарып жатқан кезде ол талып қалған көрінеді. Дәрігерлер бір сағат бойы науқастың есін жиғызуға тырысқанымен, нәтиже шықпаған. Артынша белгілі болғандай ер адамның жүрегінде ақау болған. Оны дәрігерлерге ескертпеген екен. Соңғы бес жылда емханаға бірде бір рет келіп, қаралмаған көрінеді. Қазір құқық қорғау органдары іс қозғап, оқиғаның мән-жайын тексеру үстінде.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істің барлық мән-жайларын объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Процессуалдық шешім тергеу нәтижелері бойынша қабылданады. Өзге мәліметтер тергеудің бұл кезеңінде жария етуге жатпайды, - деп хабарлады полиция. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар