Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Құлыбаев, Рақышев...”. Бозымбаев тасқыннан зардап шеккендерге көмек беретіндердің есімін атады

19:48, 14 мамыр 2024 690

Премьер-министрдің орынбасары су тасқынынан зардап шеккендерге кімдердің қаражат аударатынын атады, деп хабарлайды alash.kz.

Үкімет отырысында Қанат Бозымбаев су тасқыны салдарын жоюға демеушілік көмек көрсететін олигархтардың есімін айтты.

«Өздеріңіз білесіздер, бизнес өкілдері демеушілік міндетемелерді өздеріне алып отыр. Біз өңірлер үшін тізім жасап бекіттік», - деді Бозымбаев.

Су тасыған өңірлерге ақша бөлген бизнесмендер қатарында бірінші президенттің күйеу баласы бар екені белгілі болды.

«Қазіргі уақытта Атырау облысы бойынша су тасқыны салдарын жою (оның ішінде тұрғын үйді қалпына келтіру бойынша) Т.Құлыбаевтың және Рақышевтың бір топ компаниялары көмек көрсетеді», - деді.

Сонымен қатар, ол бүгінде 20 600 отбасы біржолғы төлем алғанын айтты.

«Бүгінгі таңда 20 600 отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем алды. Төленген қаражаттың жалпы сомасы - 7,5 млрд теңге. 680 отбасы келтірілген материалдық шығын үшін 362 млн теңге сомасында өтемақы алды», - деді Қанат Бозымбаев.

Ақмола облысы бойынша зарап шеккендерге көмек көрсетуді –  Integra Construction (В.Ким) және «RG Gold»; Ақтөбе облысы бойынша – «Болат Өтемұратов қоры», «BI Group» АҚ және «ERG» компаниялар тобы; Батыс Қазақстан облысы бойынша – «Астана моторс» компаниялар тобы, «BI Group» АҚ, «Jusan» банк, «Банк Центр кредит» АҚ, «ҚазАзот» ЖШС, КПО міндеттемелерді алған. Ал Қостанай облысы бойынша – «ADD Capital», «ERG», «Аллюр» және «АгромашХолдинг», «Базис-А», сондай-ақ «RG Brands»  компаниялары; Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – «Қазақмыс» корпорациясы, «Каспи.кз» АҚ, «KAZ Minerals» тобы демеушілік көмек көрсетеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар