Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қуанышты жаңалық: Қазақ балуаны Қазыбек Қалмағамбетов әлем чемпионы атанды

09:50, 19 тамыз 2026

Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Қазыбек Қалмағамбетов алтын жүлде жеңіп алды, деп жазады Alash.kz.

Күрес федерациясының мәліметінше, финалда қазақстандық балуан Беларусь өкілі Михаил Марковскиймен белдесті. Тартысты кездесуде Қазыбек жоғары қарқын танытып, партерде нәтижелі әдістер орындады. Белдесудің соңғы секундтарында қарсыласының жауырынын кілемге тигізіп, 13:7 есебімен таза жеңіске жетті.

Қазыбектің чемпиондық жолы:

Іріктеу: Себастьян Вагнер (Германия) — 9:0

1/8 финал: Амрин Наттер (АҚШ) — 1:1, қосымша көрсеткіш бойынша жеңіс

Ширек финал: Мұхаммед Абдельрахим (Мысыр) — 4:1

Жартылай финал: Петро Житовоз (Мажарстан) — 7:5

Финал: Михаил Марковский (Беларусь) — 13:7, таза жеңіс

Осылайша Қазыбек Қалмағамбетов U20 әлем чемпионы атанды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар