Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қуанышты жаңалық! Асхат Аймағамбетов ұстаздар мәртебесі бар қазақты сүйіндіретін өзгеріспен бөлісті! (ВИДЕО)

13:15, 03 қазан 2025 265

Қазақстанда мұғалім мамандығына деген қызығушылық жыл сайын артып келеді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, бұрынғы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов “Таңшолпан” бағдарламасында мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.
Оның айтуынша, соңғы жылдары педагогика мамандығы жастардың таңдаулы салаларының қатарынан табылып, елдегі топ-5 мамандықтың ішіне енген. Асхат Аймағамбетов білім саласындағы бұл өзгерістерді тікелей мемлекеттік саясат пен мұғалім мәртебесін көтеруге бағытталған шаралардың нәтижесі деп атап өтті.

 “Мұғалімнің мәртебесін өсіру деген осы мамандыққа ең үздік, ең мықты мектеп түлектерін әкелу болды. Бұл мамандыққа түсу 2 жылдың ішінде 55 балдан 100 балға жетті, одан да асып кетті. Алдыңғы жылы тіпті 120 балл алған балалар мұғалім мамандығына грантқа түсе алмай қалды. Қазір “Алтын белгі” иегерлері осы мамандыққа келіп жатыр. Бәрі барғысы келетін топ-5 мамандық болса, оның ішінде мұғалім де бар”, – деді депутат.

Бұған дейін елде мұғалім мәртебесін арттыруға бағытталған “Педагог мәртебесі туралы” заң қабылданған болатын. Жаңа заң аясында ұстаздардың жалақысы кезең-кезеңімен өсіріліп, әлеуметтік қолдау шаралары күшейтілді. Сонымен бірге педагогикалық бағыттағы білім сапасын жақсарту, оқу бағдарламаларын жаңарту және талаптарды күшейту де жүзеге асырылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар